Анықтама » «№227 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№231 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(707) 366-34-55
Ұялы телефон:
+7(707) 366-34-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қараша
2026

Анықтама

Алматы қаласы Білім басқармасының «№227 жалпы білім беретін мектеп» КММ туралы

Алматы қаласы Білім басқармасының «№227 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес келетін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылған.

Мектеп 2026 жылғы 23 ақпанда тіркелген. Мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, 153/17 ғимарат. Мекеме басшысы – Нұрғалиева Ажар Ғазизқызы.

Мектептің жобалық қуаттылығы – 1 500 оқушы орны. Оқыту мемлекеттік (қазақ) тілінде, бес күндік оқу аптасы бойынша ұйымдастырылады.

Мектеп ғимараты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының заманауи талаптарына сәйкес салынған және оқу кабинеттерімен, мамандандырылған зертханалармен, STEM-кабинеттерімен, информатика және робототехника кабинеттерімен, заманауи кітапханамен, спорт және акт залдарымен, медициналық блокпен, асханамен, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін инженерлік жүйелермен жабдықталған.

Мектеп қызметінің негізгі мақсаты – сапалы жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету, қауіпсіз әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық және физикалық әлеуетін дамыту, заманауи білім беру технологияларын, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу.

Мектептің ашылуы Алматы қаласының Түрксіб ауданында қосымша оқушы орындарын құруға, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені азайтуға және тұрғындар үшін сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қауіпсіздік деңгейі жоғары, энергия үнемдейтін және білім алуға қолайлы жағдайлар жасалған жаңа заманауи мектептер салуды көздейді.

«№227 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің Қайрат шағынауданы, №153/17 мекенжайындағы құрылысы 2025 жылғы 26 желтоқсанда аяқталып, пайдалануға беру актісі алынған.

Мектептің материалдық-техникалық жабдықталуы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының заманауи талаптарына сәйкес келеді және оқу үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мектепте төмендегідей нысандар қарастырылған:

·заманауи пәндік кабинеттер;

·зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілген физика, химия және биология кабинеттері;

·STEM-зертханасы;

·робототехника кабинеті;

·заманауи компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілген информатика кабинеттері;

·лингафон кабинеттері;

·оқу залы бар кітапхана-ақпараттық орталығы;

·коворкинг аймақтары;

·акт залы;

·4 спорт залы;

·медициналық блок;

·толық циклді асхана;

·технология кабинеттері;

·көркем-эстетикалық бағыттағы кабинеттер;

·ойын және спорт алаңдары бар абаттандырылған мектеп аумағы.

Барлық оқу жиһаздары эргономикалық талаптарға сәйкес келеді. Оқу кабинеттері заманауи оқыту құралдарымен, интерактивті панельдермен, компьютерлік техникамен және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мектептің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі типтік мектептермен салыстырғанда шамамен төрт есе жоғары.

«№227 жалпы білім беретін мектеп» КММ білім беру қызметін жүзеге асыруға қажетті барлық бастапқы рұқсат құжаттарын алған, фармацевтикалық бақылау қорытындысы мен білім беру қызметіне арналған лицензиясы бар.

Мектепте 80 оқу кабинеті жұмыс істейді, оның ішінде 28 кабинет бастауыш сыныптарға, 52 кабинет жоғары сыныптарға арналған. Мектептің жалпы сыйымдылығы – 1 500 оқушы.

Білім беру мекемесі заманауи модификациялық үлгідегі кабинеттермен толық жабдықталған:

·информатика, цифрлық сауаттылық және робототехника кабинеттері – 6;

·химия және биотехнология, физика және нанотехнология, биология кабинеттері – әр бағыт бойынша 2 кабинеттен;

·STEM-зертханасы – 1 (12 оқушыға арналған);

·«Үй мәдениеті», «Тамақтану мәдениеті» және «Дизайн және технология» бағыттары бойынша шеберханалар.

Сонымен қатар мектепте инклюзия кабинеттері, сенсорлық бөлме және хореография залы жабдықталған.

Мектеп ғимараты қозғалысы шектеулі білім алушылар мен келушілердің еркін әрі қауіпсіз қозғалуына толық бейімделген.

Барлық кабинеттер интерактивті панельдермен және қажетті цифрлық оқу материалдарымен жабдықталған.

«Үй мәдениеті» – оқушылардың жайлы әрі қауіпсіз тұрмыстық кеңістікті ұйымдастыруды меңгеруіне, ұқыптылық, үй ішіндегі тәртіп пен әдеп дағдыларын дамытуға бағытталған шеберхана.

«Тамақтану мәдениеті» – дұрыс әрі саналы тамақтану дағдыларын қалыптастыруға, гигиена ережелерін сақтауға, дастарқан жаюға және қарапайым тағамдар әзірлеуге үйретуге бағытталған шеберхана.

«Дизайн және технология» – қыз балалар тігін машиналарымен жұмыс істеуді, тігін ісінің негіздерін, дизайнды меңгеріп, матадан түрлі бұйымдар жасауды үйренетін шеберхана.

Бастауыш сынып кабинеттері оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Көрнекі құралдардың, дидактикалық материалдардың, оқу жиынтықтары мен техникалық оқыту құралдарының болуы білім алушылардың танымдық дағдыларын тиімді дамытуға, қарапайым зерттеулер жүргізуге және оқу-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мектеп аумағында ашық ауада сабақтар мен бос уақытты тиімді ұйымдастыруға арналған спорттық құрылғылар, Workout аймағы, стадион және теннис корты қарастырылған.

Мектептің акт залы 324 орынға есептелген және оқу, мәдени-көпшілік әрі тәрбие іс-шараларын өткізуге қолайлы акустикалық жағдайды қамтамасыз ететін заманауи дыбыс оқшаулау жүйесімен жабдықталған.

Мектеп асханасы 375 орынға арналған және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Асхана барлық жас ерекшеліктеріндегі оқушылардың жайлы тамақтануына арналған. Залда бастауыш және орта буын оқушылары үшін арнайы жеке аймақтар бөлінген. Бұл оқушылардың ыңғайлы орналасуын, қауіпсіздігін және барлығына қолайлы тамақтану жағдайларын қамтамасыз етеді.








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив